Rakay

Страна: Казахстан

Айзат Ракышева-молодая казахская писательница, хорошо известный журналист, учительница казахского языка и литературы.Она родилась в 1983 году 23-го сентября в Республике Казахстан. В 2002 году она поступила в университет казахской филологий в городе Усть-Каменогорск. В 2006 году она закончила университет. В 2007 году Айзат начала писать. Свой первйы повесть она посвятила детям. Этот повесть называется «Белая мечта не обманет.» После этого она начала написать и для взрослых читателей. В результате писательница в 2015 году написала свою первую книгу «Мертвые возвращаются».Шерияздан Елеукенов, великий казахский критик, написал положительную критику-статью об этой книге. Айзат непрерывно опубликовала свои произведения в республиканских и международных газет-журналах. В марте 2018 году Айзат написала всою вторую книгу. Сборник называетя «Тюльпан над льдом». В книгу вошел два рассказы посвещенные детям: «Последнее осень детства» и «Тюльпан над льдом». Сейчас писательница работает над своей третьей книггой.

Country: Kazakhstan

Aizat Rakysheva is a young Kazakh writer and well-known journalist, teacher of the Kazakh language and literature. She was born on September 23, 1983 in the Republic of Kazakhstan. In 2002 she entered the Kazakh Philology faculty of the University of Ust-Kamenogorsk. In 2006 she graduated from the university. In 2007 she began to write. From that year begins to write in the genre of prose. She writes her first Story for children. This story is called «White dream is not deceived». After that the writer starts writing for adult readers. As a result, she wrote a book called «The deads return» in 2015. Sheeriazdan Eleukenov, a great kazakh critic,wrote a critical article about this book. The Aizat writer regularly published her works in national and international periodicals. In 2018 Mart writer wrote her second book. The prose collection was named «Tulips over the ice». The book contains two stories for children: «Last autumn childhood» and the «Tulips over the ice.»Now writer is getting ready for the third book.


Тегімді менің сұрама

 … Кенет қалта телефоныма хабарлама келіп түсті. Сұлушаш қайырлы түн тілеп жазанн болар. Басқа кім болуы мүмкін? Жалма-жан  ашып едім, бейтаныс нөмірден келген хабарлама бір түрлі суық көрінді. «Жиырма бесінші туған күніңді тағы да әкесіз атап өттің бе? Не дейін?! «Екінші мүшелін атап өткен кімнің ұлы?» деп мен толғанып отырмын!» Бұл кім? Дереу қоңырау шалдым. Тұтқаны көтермеді. Сұлушаш сыйлаған шаттың әуені жүрегімді біржолата тастап кетпесе де, бір албасты тарпа бас салатындай қорқып кеттім. Дәл бүгінгідей шат-шадыман күнімде мені мысқылдап отырған кім болды екен? Зәрлі кекесінге толы сөздер жатталып қалды.

   Кімнің ұлымын? Түнгі Алматы көшесімен зырлаған көлік тізгінінде отырып, осы сұрақты еркімнен тыс қайталай бердім. Ару қаланың сұлулығына сұқтануға да, тіпті сүмбіл шашымның жүрекжарды лебізін елестетуге де дәрменім қалмады. Санамды жалғыз сұрақ осқылап тұрды.

  Тілдей хабарлама тынышымды қашырғалы бүгін үшінші күн. Көңілімді жұмысқа аударған болып жүрмін. Түскі үзілісте Сұлушашпен бірге тамақтанып, көңілім сәл де болса демделіп қалды. Оның жай ғана жанымда отырғаны жүрегіме көктем гүлін шашады.

-Әмір, неге мазаң қашып жүр?-Жүрегімнің әміршісі болған аруым жанымның жебеушісіне де айналып үлгеріпті. Әйтсе де оған сыр алдырғым келмеді.

-Жай, жастық шақтың қызуы ғой,-деп әзілге сүйей салдым.

-Ол қызу саған қандай әрекет жасауға түрткі болып жүр?-Тосын сұраққа өзім ойламаған аяқасты жауап бердім.

-Сені ата-анаммен, анығын айтсам анаммен, әжеммен таныстырсам деп ойлап жүрмін.

-Жақсы ой екен. Мен анаммен ақылдасайын.-Шешесіне айтпай, шай да ішпейтін қыз ба деп сүйіктімнің бұл жауабына көңілім тола қоймады. Не дегенмен жауабын күттіріп, жігітіне наздану қызға жарасымды қылық қой.

  Күнде сұлу көрінетін Алматы кеші сұрқай тартқан. Көзіме бір қара ноқат елестеген күйі, үйіме келдім. Әжем жалғыз отыр екен. Күткенім де осы еді.

-Әже, шайды қоя тұрайықшы. Менің сізге айтарым бар,-дедім асығып-үсігіп.

-Ұлым-ау, жау шапты ма? Ол не бұйымтай?

-Әже, менің әкем туралы білетініңізді маған толық айтыңызшы. Бұл тақырыптың сізге де, апама да ұнай қоймайтынын білем. Бірақ соңғы кездері әкем туралы ойланып жүрмін.

-Әмір, бұл туралы сөз қозғағаныңды анаң білсе, қатты ренжиді. Одан да жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырайық.-Әжем тура мен күткендей, әңгімеден бойын аулақ салды.

-Мен он сегізге толғанда, «тастап кеткен әкеңді сұрап қайтесің?» деп анам жауаптан қашқан. Енді жиырма беске келіп, өзім отау құрар жасқа жетсем де, әкем туралы білуге хақым жоқ па?

-Балам, сағым қуып қайтесің?

-Әже, мен сағымнан жаралдым ба?

-Тәйт, қайдағыны айтпай отыр. Сені анаң Алладан сұрап, мына әжең тәңірден тілеп алған.

  Әжем менің сөзіме қатты тіксініп, іштей әлдебір дұғаларын қайталап айта берді.Анам жұмысынан келгенде, әжем екеуміз түк болмаған түр танытып отыра қалдық. Жаз гүліндей жайнап жүретін әдемі апама ауыр сұрақтар қойып, көңіліне қаяу салғым келмеді.

  Түн басталды. Терезе алдына барып, әйнекке қарадым. Қою қараңғылықтың арасынан маған өз бейнем қарап тұрды. Кенет ол мырсылдап күлді:

-Сағым қуып қанша жүрер екенсің? Нені анықтағың келеді?

-Әкемді, жеті атамды білгім келеді. Оның несі айып?-Терезенің бер жағындағы мен жүнім жығыла үн қаттым. Ар жақтағы мен адуынды, әрі тілі ащы екен.

-Ал білгенде қайтесің? Осы уақытқа дейін әкесіз өмір сүріп келдің ғой. Анаң сені жетімсіреткен жоқ. Оқытты, шоқытты. Үйің, көлігің бар.

-Өмір дүниемен өлшенбейді. Әке махаббатын көлікпен өлшеген сен ақымақсың!

-Жә, солай-ақ болсын. Егер әкең жайлы ештеңе біле алмасаң, қайтпексің?-Ол кекете езу тартты.

-Қайтсем де анықтаймын.-Кіжіне қарап едім, ол жоқ болды. Мына күйгелек күйімнен өзім шошынып қалдым. Белгісіз біреудің арандатуына сонша мән бергенім жарамапты. Ешкімге ұнамайтын әкем тақырыбын жабайын. Иә, әжем дұрыс айтады. Ұялы телефоныма хабарлама келіп түсті.  Өткендегі нөмірден екен: «Текті ғұмыр кешкенсіп жүре бер. Намыссыз екенсің!» Мына хабарламадан соң, жаңағы жуас Әмір ғайып болды да, терезенің ар жағындағы бірбеткей Әмір келді.

  Сүреңсіз жұмыс күнін салтанатты кешке айналдыратын Сұлушаш бүгін маған оң жауабын айтты. Отбасыммен танысуға дайын екен. Бірақ анасы менің де келіп танысуымды қалайды-мыс. Бұл жауап бақайесеп тәрізді естілсе де, келісімімді бердім. Бүгінгі кешті көңілді өткізуге тиіспін. Болашақ жарым алғаш рет менің отбасыммен жүздесетін жауапты сәт қой.

  Көл-көсір дастархан басында отырмыз. Бәрі де көңілді көрінеді. Сұлушаш бөле сіңлісі Айжанды ерте келіпті. Оның сұрағы бітсеші. Тергеуші ме өзі?

-Сонда банкир болуыңа анаң ықпал етті ме, әлде әкең бе?-деп қойып қалды. Анама қарадым. Қырық шырақты әйелдің қулығы қол созымда тұрмай ма?

-Жоқ, менің кеңесіммен осы мамандықты таңдады. Әрі қызметінде тез өсуіне де мен  ықпал еттім.-Анам жауабын жарастырып үлгерді. Ұрлық жасағандай, іштей қуыстанып жүргенше, сүйіктіме әкесіз өскенімді айтуым қажет. Қонақтарымды шығарып салдым да, бөлмеме кірдім. Тағы хабарлама. Қорыққаным сонша, оны ашуға жүрексіндім. Тағы не сұмдық жазылғанын кім білсін? Қызығушылығым басым түсіп, хабарламаны ашып оқыдым: «Сұлушаш қай рудың келіні болатынынан хабарсыз кетті ме? Обал болыпты сұлуға.» Құдай-ау, бұл кім? Қоңырау соқсам, жауап бермейді. Мен жайлы соншалықты көп білетін нендей дию бұл?Төзімім таусылды. Бөлмемнен атып шығып, апама жетіп бардым. Өмір-бақи қорған болып келген жан анамнан осы жолы да сая күттім. Оның жауабы жанымды тыныштандыратынына бек сендім.

-Апа,-дедім даусым жарықшақтанып,-әкем жайлы айтып беріңізші! Өтінем, жалынам!

-Төтеден не болды?-Күліп әңгіме айтып отырған апам тез-ақ сұсты түрге ене қалды. Өзі әртіс сияқты ма, қалай?

-Туған күнімнен бері осы сұрақ жанымды жеп барады. Апа, құтқаршы мына зымыстан ойлардан!

-Несіне жаныңды жейсің? Он сегіз жасыңда айтқанмын. Әкең сені тастап кеткен. Енді неге оны іздей қалдың?

-Анашым, жаныңды жаралағым келмейді. Бірақ айтшы, ол қандай адам еді? Суретін сақтадың ба?

-Сен жанымды жаралап үлгердің. Ол бейбақтың суретін сақтауға міндетті емеспін!-Анам мені анау  қорқынышты құбыжықпен бетпе-бет, жалғыз қалдырды да, өз бөлмесіне тайып тұрды. Әжемнен де қайран жоқ. 

   Атпастай көрінген Алматы таңы әрең ағараңдады.  Жұмысқа жиналдым. Сұлушашты көрсем, бар қиындығым  ұмытылатындай.

-Жаным, қайырлы таң. Сені түсімде көрдім,-деді ол еш алаңсыз.

-Мен сені көп ойлаған соң, түсіңе кіргенмін ғой.

-Білесің бе, апаң мен әжең маған өте ұнады. Енді бүгін менің ата-анаммен танысуға келсең, жақсы болар еді.

-Кейінірек таныссам болмай ма?-Бұл сөзімнен соң, Сұлушаштың жүзіндегі қуанышты рең солғын тарта қалды. Жо-о-оқ! Оны көңілсіз етуге хақым жоқ. Айтқанына келістім. Ішкі үрейім Сұлушаштың үйіне барғанда расталды. Сауалдары таусылмайтын  нағыз қазақтар екен. Кей сұрақтарына жауап беріп үлгермей жатып, келесі сұрақтарын көлденең тарта қояды.

-Әкең жөнінде тіс жармадың ғой. Келгелі апам, әжем деп қана отырсың. Жігіт өз жұртын жақсы білуі керек,-деді кенет әкесі  шежіре айтып отырғандай маңғазданып.

-Мен әкесіз өскенмін,-дедім амалым құрып. Сұлушаш маған жалт бұрылды. «Неге айтпадың?» деген кінәмшіл көзқарасын оқып үлгердім. Айтуға мұршамды келтірді ме жұмыс қамы?

-Сонда қалай? Әкең жайлы ештеңе білмейсің бе?

-Сабыр, жігітті ұялта бермесеңші. Үйімізге алғаш келуі ғой,-деп Сұлушаштың анасы Бибігүл отағасын  ақылға шақырып еді. Онысынан түк шықпады.

-Мен қызымды жеті атасын білмейтін жетесізге бермеймін. Тексіз біреудің ұрпағын жалғастыруына көнбеймін!

-Әке!-деп шыр етті Сұлушаш…

    Бұлт арасынан шыға алмай тырмысқан ай да қараңғы. Жарығы болса да, мына көшелер де қараңғы.  Кеудемде жүрегім соғып тұрса да, мына әлем мен үшін қараңғы. Көңілімдегі көктемді әлгі сөздер тонап  әкеткен, ол да қараңғы. Алыстан жалған жылтыраған жұлдыздар да қараңғы.  Өмір-қапас, мен-тұтқынмын. Адамдардың бәрі өмір-абақтының тұтқыны. Тек өтірік күліп, өздерінің жасанды  шаттықтарына бақыт деп ат қойған. Бірақ менен өткен ғаріп бар ма? Қазақ үшін ең ауыр сөз-тексіз сөзі. Оны естігенше, тірідей жерге кірсемші. Сұлушаштың тікмінез әкесіне ренжи де алмадым.  Онікі дұрыс. Жеті атасын тексермей, қыз алысып, қыз беріспейтін қазақ қой ол. Мына диуана халіме кімді кінәлаймын? Таптым! Әкем айыпты! Ол мені тастап кетпегенде, мен айдың-күннің аманында  тексіз атанбас едім.Сені дүниенің қай қиырына кетсең де, іздеп табамын. Сосын жазаңды беремін! Оған мына қараңғылық куә!

-«Сұм өмір абақты ғой саналыға,»-деп ыңырси өлеңдетіп үйіме кірдім. Бұл өлең жолы қайдан есіме түскенін білмеймін, мектепте әдебиетті сүйіп оқитынмын. Сол шағым елес беріп жатыр ма? Әлде жаныма жақын болған соң, жалғыз жол өлеңді әнге айналдырып алдым ба? Өзім де білмеймн. Аналарым ояу екен.

-Балам, алтыным, саған не болды?-Әжем жылаудың аз-ақ алдында тұр.

-Әміржан, сен ішпейтін едің ғой?-Апам мені тани алмады. Менің аяғымды бастырмай тұрған арақ емес, шер ғой, апа, шер!

-Құдағиыңның қолынан шай ішіп едім, буыныма түсіп кетті,-дедім мысқылдап.

-Шайын беріп, қызын бермеймін деп қуып шықты.

-Не дейсің? Қызына сендей жігітітң төресін таба ала ма екен?

-«Тексіз» деді! «Жетесізсің, әкесіз өскен ұлға қыз бермеймін» деді!

    Анам тілден қалды. Жүресінен отыра кетті. Әжем дұғаларын айтып, Алласынан жәрдем тіледі. Бірақ Алла құтқарушы періштелерін жібермеді. Мен тағы да жауапсыз сұрақтардың соққысында қалдым…

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (130 оценок, среднее: 4,18 из 5)

Загрузка...