Шахризат

Страна: Казахстан

Кумарханова Айнур Сериковна член Евразийской творческой гильдии, Лондон, член Союза писателей Северной Америки, академик ЛиК Германия, финалист шорт-листа 9-го Международного конкурса Open Eurasia 2020 в номинации “ПОЭЗИЯ”. “ПЕРЕВОД”. Победитель 10-го сезона конкурса Open Europe 2021 в категории “Перевод”. Автор сборников – Асыл Арман, Менің карлыгаштарым, Пирамида. Стихи в сборнике “Радуга души” 2017 г. Костанай (Казахстан). Стихи в сборнике “Голоса друзей”, 2021, Лондон. Стихи в сборнике “Любимые музы”, Болгария, стихи в сборнике “Я пою все песни своей родине”, Украина, Стихи в сборнике “Золотое перо”, Азербайджан Участник и победитель республиканских и областных конкурсов поэтов, проходивших в городах Атырау, Усть-Каменогорск, Костанай. Приз – “Золотое перо”, Азербайджан, Приз – “Дар природы”, Колумбия. Награда – это Талант, Украина и многое другое. Ее стихи переведены на 15 языков.

Country: Kazakhstan

Kumarkhanova Ainur Serikovna member of the Eurasian Creative Guild, London, member of the Union of Writers of North America, academician of the German Academy of Sciences, finalist of the shortlist of the 9th International Competition Open Eurasia 2020 in the category “POETRY”. “TRANSLATION”. Winner of the 10th season of the Open Europe 2021 competition in the “Translation” category. The author of the collections is Asyl Arman, Menin karlygashtarym, Pyramid. Poems in the collection “Rainbow of the soul” 2017 Kostanay (Kazakhstan). Poems in the collection “Voices of Friends”, 2021, London. Poems in the collection “Beloved Muses”, Bulgaria, poems in the collection “I sing all songs to my homeland”, Ukraine, Poems in the collection “Golden Feather”, Azerbaijan Participant and winner of republican and regional competitions of poets held in the cities of Atyrau, Ust-Kamenogorsk, Kostanay. Prize – “Golden Feather”, Azerbaijan, Prize – “Gift of Nature”, Colombia. The award is Talent, Ukraine and much more. Her poems have been translated into 15 languages.

Отрывок из рассказа “Таңдау 

Бүгін Меруерт күндегі ұйқысынан ерте оянды. Түні бойы жылағаннан көздері қызарып, бет әлпеті домбығып тұр. Жатын бөлмедегі көк шымылдықты бір жаққа қарай ысырып тастап, терезенің форточқасын ашты. Далаға көз тастап еді, бірен — саран есік алдынан жылжып өтіп жатқан жеңіл көліктерді байқады. Залға қарай аттап еді Саят әлі ұйқыда жатыр екен. Ьақайының ұшымен аяңдап басып, жуынатын бөлмеге қарай өте берді. Жуынатын бөлмеде жуынып тұрып көзі еріксіз айнаға түскен. Еңсесі түсіп, шаршаңқы бозғылт тартқан өз өңін көрді. Өксіп-өксіп жылағысы келген. Бірақ, «жоқ ондай оңбағаннан сені Құдайдың өзі арашалаған болар, жылама !» — деп іштей өзіне өзі басу айтты.

        Бірақ, Саматтың қайтып оралатынына да кәміл сенген жүрек, әлі де болса алаңдаулы еді. Қалай мықты боламын десе де, күн санап іштей жеген жалғыздық жанын қажытып біткендей.

Ата-анасы тірісінде бұны оқытып-тоқытып, аяғынан тіктұрғызып кеткен. Анасы бір-неше рет «тұрмысқа шық» десе де, көнбеді. Себебі біреу ғана соңынан ерген Саяты дүние есігін ашқалы зағип.

 Ол екі аяғынан жүре алмайтын. Ол кездері өзі де бала болды емес пе, оның диагнозінің не екніне де мән берген емес. Себебі Саяттың мүгедектігін мойындай алмайтын. Ата-анасы бірнеше рет дәрігерге де қаратты. Болмады. Бауыры тағдырға мойын ұсынды. Оның тағдырына бей жай қарай алмаған Меруерт «не болса, ол болсын, бауырым үшін тұрмыс құрмаймын» деген шешімге келді.

        Сабағын да жақсы бітірді. Оқуға түсіп, қазір қаладағы бір орта мектепте мұғалім. Талай жігіт сөз салды да. «Бауырымды менің тағдырыма теліп бірге қабыл алсаңыздар» — деген сөзден кейін олар орта жолда қала беретін. Барынша мықты болуды, бұдан әріге қалай да тек өз шешімі, өз күш-жігерімен ғана жету керектігін түсінген Меруерт өмір сүруді жалғастырды.

Жанына жақындаған кез келген адам қит етсе бұған бай тапқыш, ақыл айтқыш, кейбір үлкен адамдар, сен такаппарлығыңнан Құдайдың жазасын алған адамсың, қисық болса да, пұшық болса да күйеуге шығып ал! — деп түйреп алатын. Ешкім де ол сөздер бұл байғұсқа қалай әсер етіп жатыр, жөніне қояйықшы демеді бір. «Бақытсыз, бағы жанбаған бейбақ» деген жиіркенішті сөздерді де естіген құлақ әбден жауыр болды.

Бос күндерін  кейде бір фейсбук желісінде де өткізеді. Ол жерде өз түйгендерін әңгіме етіп жазатын. Қазіргі таңда жасы отыздан асқан бұл ол жерде де «кәрі қыз» деген мазаққа қалып, қатыны бар кейбір еркектердің келемежіне де жолықты.

         Көршілері бұны сыйлайтын және аяитын. Бұд жұмыста болғанда Саяттың кешігіп жатса шайын әзірлеп беретін. Ол да бір Алланың бергені болар. Ғани бұлардың қалаларына жақында ғана келген жігіт. Бір жиналыста көріп таныс болып, араласып кетті. Кеше кешкісін қалайда кездескісі келгендігін білдіргеннен кейн көңілін қимай шыққан еді. Шықпағанда, жалған үміттің лас тамшысының құрбаны болмас па еді. Әттең, кез-келген нәрседен медет күтетін адамның ақымақ көңілі ай десеңізші…

Бұлар жағалаумен келе жатты. Кенет Ғани:

-Меруерт аспанда бүгін шолпан ерекше жарқырап тұр, байқадың ба? — деді.

-иә, шолпан ғана емес, жұлдыздардың бәрі де әдемі ғой, солар біздегі өмірге деген үмітіміздің, жақсылққа деген сенімімздің бір сәулелі нышаны сияқты ма қадай, а?

-мүмкін, бірақ менің жүрегімдегі жұлдызым сенсің, дүниедегі кез келген жұлдыз сенің көркіңнің қасында аспаннан көрпе жамылып, ұялғаннан безіп кететін шығар деп ойлаймын!

Өзіне қарата айтылған бұл теңеу іштей жаққанымен бұл сәл-пәл қысылыңқырап қалды.

-Рахмет!.

Біраз жүргеннен кейін, ол Меруерттің нәзік қолынан ұстай алды. Қолдары ып-ыстық екен. Қыздың бойы дір еткендей болды. Қолын тартып алмақ еді, Ғани оңайымен босата қоймады.

-Сен менен үнемі қашқақтайсың, есімнен күндіз түні шықпайтындай сенің не құдіретің бар айтшы! деп қызды өзіне қарай икемдей берген де, Меруерт жігіт құшағынан лып етіп атылып шықты.

-Ғани, мені тыңдаңыз маған деген көңіліңізге үлкен рахмет, бірақ мен үйге қайтуым керек, үйде Саят бар! Дауысы дірілдегеннен жарықшақтанып шыққандай болды.

Ғани мырс ете түсті

-Несіне жас қыздай қылымсыи қалдың, осындайларды жек көрем отыздан асқанша етегіне намаз оқып жүргеніңе күмәнім бар, бар болғаны еркекпін, ойым бұзылды, көңілім кетті, жасырып нем бар әйелім бар, оны мұнда көшіріп әкелгенімше бір — неше уақыт кетеді, ештеңең де кетпес, қазір қыздардың барлығы тұрмысқа шықпай туып алуды модаға айналдырған, мүмкін сен менен туып аларсың, баламен жесір қаламын демей ақ қой, көмегімді аямаймын, немесе біздегі балалыларды бұрқыратып шетелдіктер алып жатқан жоқ па, сондағы бәйшікештің біреуінің қолтығынан ұстарсың!

«Жақсы, тәрбиелі, түсінігі мол»-  деп жүрген адамынан мынадай сөз етсіген Меруерттің екі беті дуылдап қоя берді, біреу шапалақпен шатырлатып тартып жібергендей әсер де еді, бойын билеген ашуын тежей алмай Ғаниді шапалақпен шатыр еткізген. Бірақ, Ғаниде бұны қыз ау, нәзік жанды әйел заты деп жатпады, желке тұсынан шаштан қапсыра ұстап, төменге бірақ басты. Осыдан асқан қорлық та болмас бәлкім. Қазіргі еркектердің пошымы ма бұл, не болып кетті өзі? Қыз оған шамасы келмейтінін білгенмен, қалай да өлсем қолында өлермін деген ниетпен шынтақ тұстан тістеп алды. Әрі қарай не болғанын білмейді. Аяқ астынан айқай шу басталып кеткен.

«Меруерт, Меруерт!» біреудің өз атын атап шақырғаны есінде. Әрі қарай қараңғы қапас.

Аурухананың керуетінде есін жиды. Қасында керуеттің жүрелеген күйінде отырғн біреуді байқады. Өңезі кеуп шөл қысып тұр. «Су, су» десе де дауысы шықапды, өзіне айқайлап жатқан сияқты, бірақ үні шығатын емес.Үні шықпаса да, құлағына барғандай қасындағы бейтаныс басын оқыс көтеріп алды. Көздері қап-қара тостағандай, ақша жүзді, иықты, ұзын бойлы Саматты бұл бірден таныды. Онымен таныс болғалы үш жыл. Екеуі желіде танысқан. Бірақ ол жердегі таныстыққа бұл мән бермейтін. Екеуі өздері жайында еш жасырмайтын. Кейде бір қатты көңілсіздік басқанда да бір-біріне хабарласып ішкі ойларын еш жасырмастан айта беретін. Кейінгі бір айдың ішінде бұл оны блоктап тастады. Себебі үйреніп кетсе, бұған жетпей тұрғаны қияли махаббат еді. Келеді деп ойламаған.

Келген екен.

Ал бүгін, тағы да солғын тартқан өңіне қарап айна алдында тұр. Кеше сол Ғани кешірім сұрап шақыртыпты, сонда барған, арызын қайтып алды да, үйге қайтып келді. Ауруханада бір ай жатты. Самат күнде қасында болғаныдықтан ба, оған жаман үйреніп қалғандай. Көңілі құлазып тұр. Кеше ештеңе айтпастан Түркістанға кетіп қалды.

Амалы жоқ, бұл өзін барлығының тастап кететініне баяғыдан бой үйреткен. Алдымен ата-анасы, достары, туыстары, енді Самат. Кенет есік қоңырауы шырылдады. Асықпай басып ашып жіберді. Алдында Самат тұр, қасында 70-80 ге келіп қалған қарт ана.

-Меруерт бұл менің анам, анамнан өзге ешкімім жоқ, бізді қабылдайсың ба, Саятқа да сыйлығым бар, жақында Израильге барып ең мықты ауруханадан орын алдым, емдетеміз!

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 1,00 из 5)

Загрузка…