Шахризат

Страна : Казахстан

Кумарханова Айнур родилась в 1983 г 10 марта (г Семей) в селе Бескарагай. Профессия -делопройзводитель и экономист,С детсво пишет стихий.Занимается переводом, переводила ряд стихотворение с русского на казахский.2005-2011 гг были изданы сборники стихотворений собственного сочинении.»Драгоценные мечты»( сборник 2007 г) переводы и стихий,»Мои ласточки»(2005 г ) стихи и поэмы,»Пирамида»(2011 г) наме,пословицы разных поэтов с переводрм на казахскии, стихий и поэмы,


Country :  Kazakhstan

Kumarkhanova Ainura was bornin Kazakhstan in the willage of Beskaragay.(Semey). in 1983 on march 10.Profession clerk and economist.Wrifes poetry since childhood. Tranhates a number of poems from Russian into kazakh.2005-2011 were published a collection of poems in his jwn composition. Compiltions entiedprecions Dreams mu swallows and puramida.


Отрывок из сказки “Сказка о хрустальном городке”

Хрусталь шаһар

ертегі

1

Ертеде өткен заманда бұл бізге дейін құстар төмен ұшып, аң мен жануар бірге жүріп, адамзат бүкіл әлемге өзіндегі бар қамқорлығын төккен кездері болған деседі.

Жер бетінде бір алып шаһар болған екен. Сол шаһардың тұрғындары еш нәрседен таршылық көрмей, жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпай, бір табақтан ас ішіп өз-ара сондай тату болыпты.

Сол елде даналығы мен жомарттығы асқан бір патша өмір сүреді.

Ол патшаның Хақнұр, Жақып, Расул атты үш ұлы бар екен. Патша сол ұлдарын да жастайынан білім мен ғылымға бейімдеп өсіреді.

Күн артынан күн, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтіпті. Патша қартаяды. Бірде патша түс көреді. Түсінде «хрусталь шаһар» көреді. Хрусталь шаһардың адамдары да мөлтек судан өрілген көлеңке сынды аспанмен ұшып жүреді екен. Сол шаһарда Хабиб деген ақ күмістей сақалы бар бір қария, бұған жақын келіп былай дейді;

-Ей, патша осы күнге дейін әрі әділ, әрі адал өз еліңе қызмет қылдың! Аллам саған тарқамас байлық пен билік берді, не ішемін, не жеймін деп қайғырмадың! Бірақ, бүкіл әлемде қаншама ауыру адам, қаншама аш адамның бар екені саған беймәлім. Ғұмырыңның көбі кетіп, азы қалды. Үш ұлың бар. Солардың да сыналар кезі келді. Еліңді бірлікте ұстағанмен балларыңды бірлік те ұстай алуың мүмкін бе?! Бұл сапарда олардың бауырлас адалдығы мен бірлік-ынтымағы бірінші орынға қойылуы мүмкін!

Бері қара, олар сол «хрусталь» шаһарды тауып алып, саған бас сарайдағы хрусталь ыдысқа отырғызған — үш шоқ гүлді әкеп берулері керек. Сен оларға осыны табыста! Егерде олар сол гүлдерді саған тауып дер кезіндегі әкеп бермесе, сен арылмас сырқатқа душар боласың! — деді де көз алдынан ғайып болады.

Ұйқысынан патша ауыр бір ойда оянады. Өне бойын бір зіл басып, ол өзіне беймәлім бір дертке шалдығады. Бары мен жоғы белгісіз ол шаһарға балларын жіберудің дұрыс бұрыстығын біле алмай дал болады. Бірақ күннен — күнге бойына біткен дерті асқына береді.

Ең соңында ол бүкіл халқын жыйнап алып, солардың алдына үш ұлын алдыртады. Әкелерінің не үшін шақырғанынан бейхабар ұлдары аң-таң болады.

Біраздан соң патша;

-Дүниеге, кейде бір адам үнемі берем деп туса, екіншісі тек қана аламын деп келеді екен. Осы күнге дейін менің мақсатым, алысқа да, жақынға да әрі адал,әрі әділ болу еді. Мен сырқатпын.

Жер бетінде ме, жоқ жер астында ма, жоқ әлде аспан әлемін де ме?, әйтеуір мына дүниенің бір түкпірінде «хрусталь» шаһар бар деседі. Сол шаһарды тауып, кімде кім маған патша сарайндағы «үш шоқ гүлді» тауып әкеп берсе, мен басымдағы тәжімді, астымдағы тағымды соған беремін – дейді.

Бұны естіген үш ұлы бірден;

-Әке бүкіл жерді төңкеріп тастасақ та, саған сен сұраған затыңды тауып бермей, елге оралмаймыз деп шу ете қалысты.

Бас-басына нөкерлерін ерткен олар көп ұзамай жолға шығады.

2

Жоқты іздеген жолаушылар көп жүреді. Бір күндері олар үлкен шаңғыттанып жатқан шөл далаға тап болады. Сулары таусылып, жолға деп алып шыққан азықтары да азая бастайды. Шөлге шыдамаған жылқылары мен қастарына ертіп шыққан нөкерлерінің көбі қырылып қалады. Қырсыққанда шөл дала таусылатын еместей көрінеді….

Біраздан соң Хақнұр

— Жоқ бауырларым, мынау жүрісіміз еш өнер емес, ат шалдырып, аңызақ болса да бір тынығып алайық та! — дейді. Бұнысына өзгелері де келіседі.

Жолдың азабын әбден тартып, қалжыраған жолаушылар тоқымдарын бастарына төсеп, ұйқыға кетеді. Бір мезгілде Хақнұрдың құлағына бір дауыс келгедней болады. Сайындаладағы бұл беймәлім дауысқа елең еткен ол орнынан тұрады. Көз ұщынан бір жылтыраған от көрінеді.

Жан-жағына назар салса, мүлгіген түн, барлығы да ұйқыда… ол енді сол отқа қарай жүрді.

От та әлсін-әлсін жақындай берді.

Кенет жыпылықтап тұрған от көзден ғайып болады. Айналасын қара түнек басқан Хақнұр қынабынан қылышын суырып алып, жан — жағына қарайды.

Әлгі дауыс тағы естіледі. Бұл жолы көзіне көрінбесе де, дәл жақыннан;

-Ей, ақымақ адамзат менің мекеніме несіне келдің, ажалыңа асықтың ба?

-Мен ақымақ болсам, сен қорқақсың! Қорқақ болмасаң көрін көзіме! — деді, бұл да батылданып.

Әлгі дауыс бүкіл даланы жаңғырта, қарқылдап бір күліп алды.

-Қателесесің, сен мен үшін шынымен де бір қорқақ біреу ғанасың, расымен ер болсаң, онда ер жүректігіңді дәлелдеп бір іс тындырасың, сол кезде мен саған сен іздеген затты тауып беремін — деді ол.

«Бұның сөзіне сенейін бе, сенбейін бе, жын ба, пері ме бұл, не өзі?» — деп іштей ойланған ханзада;

— Ал, айт онда ол не, орындауға тұратын іс болса орындайын?!…

Сол сөзін күткендей ақ айнала сарт-сұрт етіп жарқы-жұрқ етіп, аяғының астындағы жер сілкінгендей болды. Жаны бақайының ұшына келсе де, бұл өзінің қорыққандығын білдірмеуге тырысты. Бірақ екі көзін тарс жұмып алды. Бірадан соң айналаға бір тыныштық орнады. Ешкім ештеңе деп тіл қатар емес. Аң-таң болып біраз тұрды. Кенет ақырындап көзін ашсса, маңдайына түскен жарық — көзін қарықтырып, айналасына дұрыстап қарай алмады. Жарыққа қарай алмай, қолымен көлеңке көлегейлемек еді, бұл жерде көлеңкенің де мүлдем жоқ нәрсе екендігін аңғарды.

«Құдайым — ай, бұл не ғажап?! Бұндайда болады екен ау, қайдамын өзі?!»деп іштей таң қалды.

Кенет сол таныс дауыс дәл жанынан естілді;

-Ал, батырым дайынсың ба!? Шахбан патшаның сарайына барамыз! Көзіңе не көрінсе де сенбе, сусынға не ұсынса да ішпе! Саған тапсырма сол жерде беріледі. Уәдеңді орындай алсаң тірі қаласың, орындай алмасаң, сен үшін кері қайтар жол жоқ!.

Өзіне берілетін тапсырмадан да, одан қалса өзінің келіп жеткен жерінен де бейхабар ханзада енді барлап айналасына көз салды…

Айнала мәрмәрдән қаланған зәулім сарайлар, сарай маңындағы бақтардың өзі аппақ меруерт сияқты қалшиып тұр. Гүлдері мен сол бақтардағы беймәлім жемістердің өзі ағарып кеткендей, қай жағыңа қарасаң да бір аппақ дүние.

Жан — жағына қарап есі кетіп келе жатып, көзін еріксіз жерге салды, әу баста «өзім жүріп келемін» деп ойлаған, жоқ жеңінен біреу ұстап, аяғы жерге тиместен жер бетімен қалқып келеді екен. Не таңырқарын, не қорқарын білмеді.

Бір мезгілде дәл алдарынан аппақ мәрмәр тастан көмкерілген биік қақпа көрінді. Қақпада қос арыстанның суреті бейнеленген екен. Сықырлап барып ашылған қақпаның ішінен де, бұларды қарсы алатын ешкім көрінген жоқ.

Сарайдың ішкі жағына да өтті… Қабырғалары әр-түрлі көз тартатын өрнектермен өрілген екен. Дүниеде адам баласына беймәлім бұл өрнектер де де өзгеше бір тылсым сыйқыр бардай ақ. Бір қызығы өрнектерге қадалып қараған сайын ханзаданың көз алдында — көшіп бара жатқан керуен, Пілдің үстінде отырған ханшайым, жүк тиеген туйелер, жылаған бала, жүгірген аң-құс елес болып өтіп жатты. Шөл қысты. Басы айналып, шаршағаннан бойын ұйқы биледі.

Кенет оның алдына — кең, үлкен дастархан жайылды. Астың түр-түрі, сусынның мың түрі пайда болды.

Хақнұр шөлдеп тұрса да, қарны ашып ішегі шұрылдаса да ұмсынбады.

Біраздан соң, әдемі күй ойнады. Күйдің құдіреттілігі сондай, Хақнұрдың бақырып тұрып жылағысы келді, ішек-сілесі қатқанша күлгісі келді. Бірақ жыламады. Күлмеді.

Бір кезде төрдегі қабырға қақ айырылып, патшаның «алтын тағы» пайда болды. Ол тақта көзге шалынар ешкім болмаған соң, таққа қарай жақын барып, оны айналдыра қарай бастады.

«Әлде бұл тақты, маған отыру үшін қойды ма екен?» деп ойлаған бұл, таққа қарғып мінді.

Қарғып мінгені сол еді, екі құлағын тұндыра айқайлаған ашты дауыс шықты. Дауыстан жүрегі шайлыққан ханзада шалқасынан түседі.

-Ей, оңбаған көзіңді аш, мені көрмеген бұл не көз!? деген дауыстан селк ете түсті.

Енді абайлап барып, таққа жақын үңілді. Үлкендігі құмырсқадай ғана шекесінде алтын тәжі жалтырап, шікірейіп бұған қарап тұрған бір адамды көрді.

«Құдайым ау, бұл кім тағы? Бұндай адамды көруім бірінші рет, мынау шынымен де адам ба өзі!? деп таңқалған ханзада, ештеңе түсінбестен аңырып тұрып қалды. Біраздан соң;

-Кешіріңіз, ұлы мәртебелім! — деді бұл, басын төмен иіп, мен сізді әрең-әрең көріп тұрмын, байқамай қалдым!..

-Ештеңе етпес, сен мына түріңмен менің бүкіл халқымды таптап-жаншып кетуің де мүмкін ғой, жақсы Шахбан патшаның мекеніне қош келдің!

Сахиб! — деді ол кенет, дауысының зор шыққаны сондай сарайдың қабырғалары сөгіліп түсті.

-Тыңдап тұрмын ұлы мәртебелім! — деді таныс дауыс.

-Қонағымызды бүгінще күт, ертең таң уақытында алдыма алып кел!.

-Жақсы мәртебелім!…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (369 оценок, среднее: 4,21 из 5)

Загрузка...