Шахризат

Страна: Казахстан

Кумарханова Айнур Сериковна член Евразийской творческой гильдии, Лондон, член Союза писателей Северной Америки, академик ЛиК Германия, финалист шорт-листа 9-го Международного конкурса Open Eurasia 2020 в номинации «ПОЭЗИЯ». «ПЕРЕВОД». Победитель 10-го сезона конкурса Open Europe 2021 в категории «Перевод». Автор сборников — Асыл Арман, Менің карлыгаштарым, Пирамида. Стихи в сборнике «Радуга души» 2017 г. Костанай (Казахстан). Стихи в сборнике «Голоса друзей», 2021, Лондон. Стихи в сборнике «Любимые музы», Болгария, стихи в сборнике «Я пою все песни своей родине», Украина, Стихи в сборнике «Золотое перо», Азербайджан Участник и победитель республиканских и областных конкурсов поэтов, проходивших в городах Атырау, Усть-Каменогорск, Костанай. Приз — «Золотое перо», Азербайджан, Приз — «Дар природы», Колумбия. Награда — это Талант, Украина и многое другое. Ее стихи переведены на 15 языков.

Country: Kazakhstan

Kumarkhanova Ainur Serikovna member of the Eurasian Creative Guild, London, member of the Union of Writers of North America, academician of the German Academy of Sciences, finalist of the shortlist of the 9th International Competition Open Eurasia 2020 in the category «POETRY». «TRANSLATION». Winner of the 10th season of the Open Europe 2021 competition in the «Translation» category. The author of the collections is Asyl Arman, Menin karlygashtarym, Pyramid. Poems in the collection «Rainbow of the soul» 2017 Kostanay (Kazakhstan). Poems in the collection «Voices of Friends», 2021, London. Poems in the collection «Beloved Muses», Bulgaria, poems in the collection «I sing all songs to my homeland», Ukraine, Poems in the collection «Golden Feather», Azerbaijan Participant and winner of republican and regional competitions of poets held in the cities of Atyrau, Ust-Kamenogorsk, Kostanay. Prize — «Golden Feather», Azerbaijan, Prize — «Gift of Nature», Colombia. The award is Talent, Ukraine and much more. Her poems have been translated into 15 languages.

Отрывок из романа “Жетім дүние 

Алаулап  таң  атар, түнеріп  түн  ұясына  кірер  бір  сөзбен  айтқанда  адамның  өмірі  осынау  теңеумен  ғана  шектелетіндей.  Бейғам  да, алаңсыз  қайталанбас  —   балалығың, нендей  жасаған  қателігіңді  кешетіндей  ақ!. Содан болар пенде шіркін, есейген сайын «қайран балалық» —  деп бір күрсінбей қоймайды – ау!                   

 «Есейсем — ақ  болды,  бәріне  жетем»  деген  аңқау да, аңғал ниетің, өзіңді  бәрінен өткен мықты,  дәрменірек  сезіндіріп тезірек ұлғаюыңа, армандарыңа жетектеп, мызғымас мақсаттарыңа асықтыратындай… Ұлы Абай айтпақшы: «бір кірпіш дүниеге», өз қалауын тез тауып қаланар жер іздейтіндей.

Әттең…

Түңілген сәтіңде ең аяулы сол сезімдерге обалдық етеміз -ау…

Бірақ, адамның  өкініші  басым. Неге? Неліктен?!

 Күн өткен сайын адам, өкпешіл, күдікшіл, секемшіл бола береді екен…

Бала кезіңдегі батылдығыңның орнына —  үрей, мызғымас мақсаттарыңның орнына —   қорқыныш атаулы өне бойыңды билеп алатындай.

 Әлде мен ғана осындаймын ба? Маған ғана осылай көріне ме, әлде?!…

Сонда да,  адам  көбіне  қол  жетпейтін  армандарың,  ақталмаған  үміттерін,  бағындыра  алмаған  белестерін   өкініш  қылатындай. Негізі  өкінуге  бола  ма өзі !?  Сондағы өмірдің мәні не өзі?!…Осынау өмірге не үшін келеміз? Не үшін өмір сүреміз?

          Кім үшін күліп, кім үшін күйінеміз?!. Ештеңеге қанағат таба алмайтын тойымсыз пейіліміз бен ашқарақ нәпсімізге жұбаныш болар, бір нәрсе бар ма өзі бұл жалғанда?!         Әлде, осы өмірге келдік, бойымыз, етіміз үйренген  қу тірлікке неде болса мойын ұсынып, қашан ажалымыз жеткенше, жүруіміз керек пе?

 Тек…

«Ұрпағым үшін, жақыным үшін, бес күндік жалғанда несібемнен құр қағылмайын» — дейді екен — ау пенде байғұс!

Бірақ, осы дүниеде не бала жоқ, не жеткен жетістіктері жоқ құр босқа өмір сүріп, моласының басына құран оқитын бір жан жоқ бейбақтар да өмір сүріп, өмірден өтіп жатқан жоқ па, өзі?! Сондағысы жалғанға текке келіп, текке кеткені емей немене?!…

Адам баласы жыл өткен сайын кемелденіп, әр неге сұрақ қойып, кез — келген нәрседен жауап іздей бастайды екен…

Жасым отыздан енді ғана асқан менікі нешілік?

Өткен күндердің сағым елесінің шырмауына бір кірсем, шыға алар емеспін. Неге?….

 

 

Сол бір күндер.

 

          Осынау өмірдің  тағы  бір  көктемі  басталған еді. Жылғалар  жалтырап,  әсем  аймақ  құстар  үніне бөленгендей. Дүниедегі жұмақтың бір белгісін, әр адамға асыға күтетін көктем сыйға тартатындай. Осынау жыл мезгілінде әр пенде үшін көзге көрінбес бір құдірет тұнып тұрғандай. Осынау жыл мезгілінде гүлдер қанат жайып, адамның өмірге деген құлшынысы мен келешекке деген үміті түлей түсетіндей. Бірақ…

 Осы мекенге қоныс аудармай тұрғанда, мен үщін көктемнен туындаған әлем — басқаша, әдемірек, әсемірек, ертегіге ұқсас,  сыйқырға толы өзгерек бір дүние сияқтанатын да тұратын.

Неге екенін қайдам, бұндағы әлем  мен үшін —  тымырсық, түнеріңкі, көңілсіз еді….

 Ештеңеге үміт артпадым. Ештеңеге сенбедім. Ештеңеге ғашық болып, ештеңеден шабыт ала алмадым.

Әйтеуір бір белгісіздік мені  сенуден бездірді. Өзіме де, өзгеге де өкпелі едім ғой.

Айналасы бос қалған «жетім дүние» құрсауында қала бердім. Мені барлығы ұмыт тастап, тас қараңғы да не үнім шығатын емес, не құлағым әлде — біреулердің дауыстарын естеитін емес. Мен өз өзімнен жоғалдым. Айналамдағы адамдардан емес, өзімдегіні сезуден қалдым. Ішкі дүниемнің нені қалап, нені қаламайтынынан бахрұм қалдым. Адастым…

                                            ******                  ******             ******           ******

          Курчатовтың  түнере  тымырсықтанып  тұратын  ауасына  да  үйрене  бастадық. Осында келгелі шырылдаған торғай үнінен, қарқылдаған сүйкімісіз қарғаның дауысын жиірек құлағым шалатын болды. Шөл далада өлексеге үймелеген құзғындар ұқсап шу-шу етіп, мазаңды кетіретін ұсқынсыз жаратылыс иелері менің қазіргі күйімді айнытпай қайталап тұрғандай еді.

           Қыс түскенде, ауылдағы ақ шаңқай қар бұнда атымен жоқтай. Қардың өзі кочегар түтінінен сұрғылттанып кеткен сияқты. Қыстыгүні далаға шықсаңыз, ауылдағы таза ауаның орнына ыс сасыған көңірсі иіс келеді мұрныңызға!.

Барлығы оп-оңай, барлығы дап-дайын деген қала тірлігі осы ма әлде?!

Ей, тұрлаусыз дүние – ай, арзанға, оңайға, жеңілге құштармыз ғой әйтеуір…

          Ал, жазда  көшеде адамдарды өзіне дос санап алған қонақ көгершіндер, жаяу жүргіншілермен жарыса жер бауырлап ұшып – қонып, аяқтың астында оратылып жүреді. Бір қызығы  сол ғана жанға медеудей.

Сол көгершіндер, жетімсіреген дүниенің бір тұтқасын ұстап қалайын деп әуреленп жүрген жоқ па, Осы?!

Сол көгершіндерге уыс — уыс нан үгінділерін шашып беріп жатқан тұрғындар….

Кейде сол нандар жыйналмай,  аяқ астында шашылып жатқанда — «қайран ысырапшылдық, адамдардың асқаны мен тасқаны ма бұл, алда не күн болады әлі?,  осыған кезінде зар болған жоқ па едік?!» -деп іштей бір күйінесің!

Қу пендещілік, бар болсаң  — есірткен, жоқ болсаң —  мүжілткен.

Көшеге  шыға қалсаңыз көз алдыңызда самсап тұрған — ескі  ғимараттар!.

Жаңаша салынған немесе салынып жатқан құрылыстар. Көбіне бой жазуға, ой сергітуге немесе таң атысымен жүгіруге адамдардың баратын орны  — жағалау. Сол жағалауға келсеңіз, сонадай жерден мен мұндалап «Ақ болкон» деп  аталатын,  ескі  патша  заманын  көз алдыңа әкелетін,  қос  баспалдақты —   Ертіс  бойындағы   көне ескерткіш нысаны, ерекше  бір  сыр  түйіп  тұрғандай  әсер  қалдырады сізге!.           

          Жол  бойымен  келе  жатсаңыз,  өзенге  қарай  дөңкиген  бір  құлыптасты  көзіңіз  шалады.  Ол  құлыптаста « Ғашықтар  мекені» деген  жазу  бар.  Жан — жағына  жас  қайыңдар  егілген. Бірақ, ол атау  —  ол құлыптасқа не үшін қашалып басылғандығын, нендей тарих тұнып жатқандығын сізге ешкім де дөп басып айта алмас сірә! 

 Көше  ортасымен  жүргенде,  кеңестік  дәуірден  қалған  ескі  ғимараттар  тұр. Бір анадан туған егіздер сияқты құрылыс жағынан бір – бірінен аумайды олар.  Есік терезесі үңірейген ол ғимараттар қаланың сәнін бұзғандықтан, терезелерін уақытша жергілікті билік арнайы целофандармен қымтап қойған.

Әкімдіктің алдында желбегей плащы желбіреп Курчатов аспанға қарап керіледі.   «Мына  жерде  Курчатов  мекендеп,  оқу  оқыған»  деген  жазу  тұр бір ғимараттың маңдайшасында.

 Әттең,  ішіңді  ашытатыны, Курчатовтың  адамзатты  құрту  үшін  жасаған  бомбасының  құрметіне,  осы  қаланың  атауының берілгенінде болып тұр.

Бірақ тарихтағы тарғыл жол мен даңғыл жолға сын айтатын мен кім едім?!

Десек те, бір білетінім, қазіргі жаңа тарих жолына бүгінгі жастардың қатарында жүріп ақ өз ізімді тастап кете аламын…

 Неге десеңіз, біз қазіргі ұрпақ соғыссыз бейбіт елдің азаматтарымыз.

Болашағымыз айқын, барар жолымыз белгілі….

          Жаңа жер, жаңаша адамдар, жаңаша қоғам, қоршаған ортаң әйтеуір бірі болмаса, бірі ойыңнан өткенгіңді өшірер деп ойлайсың. Өткен күндегі өкпеңді басар, уайымыңды азайтар дейсің. Оның да  бекер… Күн өткен сайын адам, өз мекенінен басқа мекенге қоныс аударар. Бар қолынан келері осы болар. Сол мекеннен қашып кетер, қашып құтылар  ақ ал, өзінен ше?!  Шіркін, сол адамда өзінен өзі қашып құтылатын құдірет болса ғой…

          Курчатов мені жақынын қабылдап алар туысындай қарсы ала алмады.

Ең алдымен  жергілікті бір мекемеге «аудармашы» болып орналастым. Басында тездеп жұмыс табылғанына қуанғаным рас. Бірақ,  менің бір күнге ауылға көшу қамымен кеткендігімді пайдаланып, бастық  орныма басқа біреуді шақыртып алыпты. Тым болмағанда, біраз жұмысты меңгеріп алуыма он күнін де қыймағандай.

Ол жерге қалайша  тез келсем, дәл солайша тез кеттім.

Бір білерім мүмкін сол жұмысым үшін берген еш нәрсемнің болмағанынан да шығар бұл? 

Содан кейін барып әкімнің қабылдауына жазылып, әкімге жолығып, жергілікті газетке орналасқан ем. Ондағы жергілікті жердегі жетіспеген  жағдайларды айқара жазғандығым, турашылдығым, бір беткейлігім оларға тағы ұнамады білем. Бюрократ деген желеу атты жамылып ол жерден де кеттім… «Жұмыспен қамту орталығы» бойынша жұмысқа қабылдап, екі-үш айдан соң тез кеткендігімді қалағандай, аяқ астынан бастығым

-«келісім шартың қысқартылды» — деп, шығарып салды…

Осыдан кейін жұмыссыздықтың қамытын басыма көп кидім.

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (3 оценок, среднее: 2,67 из 5)

Загрузка…