Назкен Келжан

Страна: Казахстан

Келжанова Назкен родилась и выросла в Казахстане. После окончания PhD докторантуры в Германии, занимается самостоятельными постдокторскими исследованиями в области химии. В свободное время пишет небольшие рассказы о путешествиях в Европу, переводит и поет иностранные песни на родном языке. Три года назад известную казахскую песню «дайдидау» она спела переводив на английский язык. Серьезно увлекается стать писателем-фантастом. В этом году она представляет новую сказку- повесть под названием «путешествие в царство камней» и она делает все иллюстрации к книге сама из камней. Цель ее жизни сделать мир светлее и добрее и живет под девизом: «мир во всем мире».

Country : Kazakhstan

Kelzhanova Nazken was born and raised in Kazakhstan. After completing PhD doctoral studies in Germany, she is engaged in independent post-doctoral research in the field of chemistry. In her free time, she writes short stories about travels to Europe, translates and sings foreign songs in her native language. Three years ago, she sang the well-known Kazakh song «daididau» by translating it into English. Seriously interested in becoming a science fiction writer. This year she is presenting a new fairy tale-story called «journey to the kingdom of stones» and she makes all the illustrations for the book herself from stones. The goal of her life is to make the world brighter and kinder and lives under the motto: «world peace».

Отрывок из сказки-повести “Тас патшалығына саяхат”

 

        1-бөлім. Тас патшалығына саяхат

      Бірде мен өзен жағасында серуендеп жүргенмін. Өзім домалақ тастарды теріп, кішкентайымнан коллекция жасағанды жақсы көретінмін. Аяқ астында жатқан бір домалақ тасты аударып қалсам, тастың ар жағында шалқасынан түсіп бір жап-жасыл жылтыр қабықты қоңыз жатыр екен. Үстін кездейсоқ бір тас басып қалғанға ұқсайды. Содан оны аударып көріп едім, тіршілік белгісі нышаны байқалып, аяқтарын қыбырлатқандай болды. 

— Тірі екенсің ғой, бейшара қоңызым-ай, — деп басқа жерге алып қойдым. 

Бір кезде ол қоңызға тіл бітіп: 

— Көп рахмет, қайырымды жан,  мен жай қоңыз емеспін. Мен тас елінің патшасымын. Біздің еліміздің ерекшелігі сол, бір сиқыршының қарғысынан кейін сиқырлы патшалыққа айналып кеттік, — деді адамша сөйлеп.- Біздің елімізге кіретін қақпа «тау көзі» деп аталады. Бұл жерден адамдар өткен кезде өздерінің мінезіне қарай, тас бейнелі жан-жануар болып шыға келеді. Ал жүректері тас болып қалған қатігез адамдар қозғала алмайтын тасқа айналады. Ертегілер елі болғандықтан, бізде барлық ертегінің кейіпкерлері өз өмірлерін тас түрінде сүріп жатыр. Кімді көргің келеді, ойласаң болды алдынан шыға келеді. 

— Мәссаған, сонда «кімді айтсаң, сол келеді» — деген қазақтың мақалы рас болды ғой.

— Ия, солай.

— Сіз неге тас болмай қоңызға айналып кеткенсіз?

— Мен сол қоңыз болғым келгеннен болды дейсіз бе?

— Әдемі қоңыз болған соң, сізге қарап өзіңіз солай қалаған шығар десем…

— Жо-жоқ, құдай сақтасын, бұл сиқырдан құтылсақ, мен дүниені өзіме жинай бермей, халқыма жағдай жасар едім. Әттең, қайтадан адам болсам ғой. Сиқыршы егер адамдардың бәрінің ойы дұрысталса ғана, біздің патшалық бұрынғы қалпына келеді деп айтқан. Онымен, бізді бір қайырымды адам келіп дұрыстамаса, дұрысталмаймыз ғой, — деп күдерімді үзіп, тастың астына өзімді бастырып:  «қалай болар екен» — деп жатыр едім, өмірде сіз сияқты қайырымды жанға кездесіп, сіз мені құтқарып қалдыңыз. Енді менімен бірге жүріп, біздің елді көріңіз, аралаңыз, сый-сияпат беріп қайтарамын, — деді тас патшасы.

— Мен қалай сіздің елге барамын?!

— Жаңа айттым ғой сізге, «тау көзі» қақпасынан өтерде оған қолыңызды тигізсеңіз, өзіңіздің мінезіңізге қарай кішкентай тас жанға айналып кетесіз.

— Қайтадан қайта алмай қалсам не істеймін? — деп жүрексініп тұрғаным…

— Қорықпаңыз, қайырымды жан, қақпадан қайта шыққанда адам боласыз, әрі бізді де сиқырдан құтқарып кететініңізге сенімім мол. Ең соңғы үмітім сізде, — деді патша жалынышты үнмен.

—  Бірақ, мен сізге  қалай көмектесе алатынымды білмей тұрмын.

— Өзіңіз көрген кезде түсінесіз. Сырт көз сыншы деген. Біз өз қателігімізді білмегендіктен, әрі қарғысқа қалғандықтан, осындай қиын жағдайға түсіп қалдық. Сіз қай жеріміз дұрыс емес екенін көріп айтсаңыз, ойымыз дұрысталса, өзіміз де сиқырдан құтыламыз.

— Тәуекел, не болса да сіздің сөзіңізді жерге тастамай, барып көрейін. 

— Бәрекелді, қайырымды жан, ал ендеше, жүрелік, — деп тас патшасы алдыға оза беріп, кілт тоқтап: — сіз қандай бейнеге айналады екенсіз? — деп артына бұрылды.

Қақпа алдына келгенде қолымды тигізіп едім, бір сәтте денем өте кішірейіп бара жатқанын көріп: — мәссаған, мен кіммін? — дедім.  

Тас патшасы қарқылдап күліп жіберді:

— Сен құмырсқаға айналдың. Өзің қайырымды,  әрі еңбекқор, қанағатшыл жан екенсің ғой. Бізге керегі де сол.

— Құмырсқа қара болушы еді, мен неге аппақ құмырсқа болып шыға келдім онда? — деп таң қалдым.

— Ол сенің ақкөңілдігіңді көрсетеді. Бір жағынан сіз қара құмырсқаға айналсаңыз, бізде құмырсқа көп қой, солардың ішінен қалай табамыз?  Ең бастысы қақпадан өте алатын болдың ғой. Енді төрлете бер, — деді патша.

Мен қасына еріп, қақпадан ене бердім. «Ішімнен неге құмырсқа болдым екен»? — деп ойланып келе жатып, кішкентай кезімде әкемнің айтып берген Ыбырай Алтынсариннің «Құмырсқаның қанағаты» деген ертегісі есіме түсті. Бір ғалым адам құмырсқаны сынайын деп қамап көреді, ол бір жылға бір дән жеймін десе, бір дәнін салып қорапқа салып тастап кеткенде, ол құмырсқа жарты ғана дәнді қанағат қылып, «ғалым ұмытып кетсе, аштан өлермін» — деп жарты дәнді артына сақтап қойғаны мен үшін үлкен сабақ болған еді. «Мен сол құмырсқа сияқты өте қанағатшыл, әрі сол сияқты еңбекқор боламын», — деп кішкентай кезімде армандап отыратын едім. Армандар қалай болғанда да бір күні орындалады. Бірақ, тап осылай аппақ тас құмырсқа болам деп кім ойлаған?

   Баяғыда Абай атамыз баласы Әбдіраxманды сынау үшін: «Ақ түс жақсы ма, жоқ әлде қара түс жақсы ма» ? — деп сұрапты деседі. Әбдіраxман: «Ақ түс жақсы», — дегенде, Абай атамыз оған қарсы шығып: «Қара түс жақсы. Адам баласы қайратты, күшті, қуатты кезінде шашы қара болады. Жас баланың шашы ағарып кетсе, онда әсемдіктен, әдеміліктен белгі де қалмайды. Ақ қағазға да xат қара сиямен түседі. Адам баласы өзі ардақ тұтқан қадірлі затын көзінің қарашығындай сақтайды. Сондықтан қара түс жақсы», — деген әңгіме айтады.

Сонда Әбдіраxман: «Сіз оны қалай білдіңіз»? — деп сұрайды. Абай атамыз: «Мен оны ақылыммен, миыммен, санаммен білдім», — дейді. Әбдіраxман: «Сіз сол ақыл-ой мен санаңыздың түсін қандай деп ойлайсыз»? — дегенде, Абай атамыз: «Ақ қой, ақ», —  деп күлген екен.

    Патша ақыл сұрап отырған соң, мені «тау көзі» қақпасы ақ құмырсқаға айналдырғаны сол екен ғой.

 Тас патшасы мені өзінің «Қалақ»  атты арнайы қонақтарға арналған ұшағына мінгізіп алып, екеуміз тас елінің бас қаласына ұша жөнелдік.

Қаланың аты «Тыраштау» екені анадайдан көрінді. Мен таңданып:

— Неге қаланың аты олай аталған? — деп сұрадым.

— Бұл біздің бас қаламыз. Бұл жерде ешқандай да тау жоқ. Тек «тау көзі» деп аталатын өзің көрген қақпа бар.  Бірақ бізде кішкентай қыраттардың өзі алыстан тау сияқты болып көрінеді. Бұл қалада тұру үшін кез келген тірі жан тыраштануы керек, яғни өзін барынша зор қылып көрсетуге тырысып жүруі керек. Сонда ғана бұл қалада өмір сүре алады, — деді.

Мен аң-таң болып:

— Сонда қалай? – дегенімше, анадай жерде бір кішкентай ұлудың: «тасбақа болам», — деп тыраштанып, бетіне бес тонна бояу жағып, ұлудың иретілген тасын тасбақаның тостағанындай етіп бояп қойғанын көріп, күлкім келіп кетті.

— Неге олай істедіңіз, ұлу болған сізге неге ұнамай қалды?- деп сұрадым одан қасына барып.

— Өзімнен зор тасбақа болсам, орасан зор табыс тауып, келістіретін шығармын, — деп бар ақшамды осы косметикаға шашып, дистибьютор болып едім, онымен тасбақа болу үшін көп күш керек екен, қатты шаршап жүрмін. Не істесем болады? – деді ұлу таусылған үнмен.

— Таразыдан жеген тасбақа болады деген, олай болса тасбақа болу үшін алыпсатар саудагер болу керек. Әрі тасбақаның төрт аяғы бар. Ол төрт жақтан тіреу болады. Байланыстар жасап, көше аралап сата алады. Ал былжырап жүрген сіздің қолыңыздан сауда келмейтін сияқты. Косметиканың бәрін өзіңіз ғана пайдаланатыныңыз көрініп тұр. Өткізе алмай жинап та қойған шығарсыз. Олай  шаршамау үшін қолыңыздан келетін, өзіңіз сүйген іспен айналысу керек. Және өз ерекшелігіңізді, қабілетіңізді дамытып, сізден басқа ешкім сіз сияқты ұлу бола алмайтындай дәрежеге жету керек. 

— Мен не істей аламын?

— Ұлудың тасбақаға қарағанда жұртқа пайдасы мол. Бетке жабысып алып, массаж жасап, косметолог болсаңыз, өз орныңызды табасыз, — дедім. Сол сәтте ол тірі ұлуға айналып, алғысын жаудырып қала берді.

    Тағы алдыға қарай жүре берсек, бір кішкентай тасбақа тыраштанып:  — мен теңіз тасбақасы болғым келеді, мен бүгіннен бастап қалайда теңіз тасбақасы боламын, –деп айқайлап жатыр екен. 

«Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді»  деген осы шығар деп оған да күліп жібердім де:

  •  Неге теңіз тасбақасы болғыңыз келеді? – деп сұрадым.
  •  Теңіз тасбақасы болсам, саяхаттап Шотландиядағы Лох-Несс көліне барар едім. 
  •  Ол жақта не бар? – дедім таңдана.
  • Ол жақта Несін деген бір құбыжық тұрады.
  • Оны көргенде не қыласың?
  • Мен оған  біздің елге кел деп айтар едім…
  • Өзіңе теңіз тасбақасы болмай-ақ көлге бара беруге болады ғой.
  • Ия, солай екен-ау, бұл қалада тұру үшін тыраштану керек деген соң, тіпті қалай тыраштанарымызды білмей кететініміз бар.
  • Ондай-ондай болып тұрады. Маған Несін туралы айтып берші,  – деп өтіндім одан.
  • Ол ұзақ әңгіме – деді Тасбақа.

Мен қоңыз патшаға қарап едім, ол маған:

  • Тыңдағың келсе, тыңдай ғой, мен түсте демалатыным бар еді, шамалы ұйықтап алайын, — деп мызғып алуға көгалға қисая кетті. 

Мен болсам, тасбақадан Несіннің жырын тыңдауға кірістім.

Тасбақа: Баяғыда бір үйрек болыпты, – деп бастады әңгімесін. 

  • Үйректің Несінге қандай қатысы бар?
  • Бар болып тұр ғой, аяғына дейін әңгімемді бөлмей тыңдасаңызшы.
  • Жарайды, енді сұрақ қоймай тыңдауға тырысамын. 
  • Сол үйрек жұмыртқа басып шығарған кезде, бір жұмыртқадан  басқаларына мүлде ұқсамайтын балапан шыққан ғой. Ол балапанды барлығы «ұсқынсыз үйрек» деп кемсітіп, ауладағы құстардың ешқайсысы қатарға қоспай қояды. Ол аққудың жұмыртқасынан шыққан балапан екенін білмесе де, аққуларға қызығып жүргендіктен, бір күні соларға  еріп, құстар қайтқан кезде Шотландиядағы Лох-Несс көлінен бір шығады. Көлге барып түсіп жүрсе «ұсқынсыз үйректі» бұрын танымайтындар   оның сұлулығына таң қалып, ауыздарын ашып қалады. Көлдегі балық, бақа-шаян, құстардың барлығы оған ғашық болып, жаздай сол көлдің патшайымы болып сезініп жүреді.  Еліне құстар қайтуға дайындалып жатқанда бұған да жүр десе, ол: «қайтадан ұсқынсыз үйрек қалпыма түскім келмейді, мен осында патшайым болып қала бергім келеді», — деп қалып қояды. Аққулар кетіп қалған соң, жалғыз жүрген аққуға қызығушылар жан-жақтан сөз сала бастайды.  Бір күні ең дәу балық кит келіп: «сені өзім аламын, ешкімге  бермеймін», – деп өзінің қамқорлығын білдірген болып жүріп, аққудың басын айналдырып алады. Екеуі бірнеше айдан  соң, үйленіп, ұлан асыр той жасайды. Тойға барған да арманда, бармағандар да арманда болып,  той дүркіреп өте шығады. Махаббатқа мас болған екі жас бал айын Лох-Нестің арғы бетіне барып өткізіп қайтады. Содан кейін жанұялық өмір басталып, бақытты өмір сүре бастайды, бірнеше балалы болады. Алғашқы баласы Аққудың өзіне тартқан әдемі болып шығады. «Оған құдай құс біткеннің бәрі ғашық болып, соңынан ертіп кететіндей сұлулық берген екен», — деп жұрттың бәрі аузынан суы құрып айтып жүреді. Одан кейінгі баласы Китке тартқан шомбал денелі болады. Оған да ешкім ештеңе айта алмай, ал кіші балықтар оның ірі денесінен үркіп, ыға бастайтын. Екінші бала да балықтардың арасында өзін әдемі, мықты сезініп, өзіне сенімді жүреді. Ал үшінші баласы оңбай қалады. Ол  бала кезіндегі шешесінің тағдырын қайталайды. Оның басы балыққа, ұзын мойны  аққуға ұқсаған, шомбал денесі китке келгенмен,  аққудың қанатындай қанаты  және аяқтары бар екен. Жұрт мұндай құбыжықты өмірлерінде көрмеген, бәрі оны көрсе, жан-жаққа ойбайлап қашатын болады. Жұрт оған Несін деп ат қойып алады, да балаларына Несін келе жатыр десе болды, балалар да дірілдеп қорқатынды шығарады. Ал Несін болса, өзі сондай бауырмал, жұмсақ мінезді болып өседі. Бірақ, сыртқы пішіні бәрін құртып тұратын. Ол ата-анасына бір күні қатты ренжіп: — Несін мені тудыңыздар, неге басында балалы болмай тұрғанда ойланбадыңыздар, білдіңіздер ғой, мен сияқты да бала болуы да мүмкін екенін, енді мен өмірден осылай жұртқа жек көрінішті болып жалғыз өтетін болдым ғой, – деп жылапты. 

Оған әкесі: «Басыңды қатырма, саған да бір жақсы өзіңді түсінетін жан кездеседі әлі, тек өзіңнің осы түріңді қабылдап үйрен, өмір деген өте қызық, өмірден баз кешуге болмайды. Өмірге қандай түрмен келу маңызды емес, ең бастысы, өз ерекшелігіңді біліп, соны өзіңнің ең мықты жағыңа айналдыра білсең, мен сияқты бір аққуды қолыңа қондырасың, менің саған қарағанда түрім әлдеқайда нашар болса да, мойным қортық, қанаттарым мен аяғым жоқ болса да,  анаң мені ұнатып қалған болатын. Мен анаңа ғашық болған кезде тіпті «сенікіндей мойным, қанаттарым, аяқтарым болса ғой, аққу маған қарар еді», — деп армандаған да кездерім болған. Бала әке-шешенің арманының жемісі. Неге сол әкеңнің армандаған түріне ие бола тұрып, қадірін білмейсің-а? Мәселе түрде емес, мінезде, тәрбиеде, – деп басу айтты.

Анасы да баласының жағдайын уайымдап: «неге осы балам, осындай болып шықты?» – деп ойланып қараса, баласы іште дамитын уақытта қатты шаршап жүргені есіне түсті.  Алдыңғы балаларын туарда ешқайда шықпай күтініп отырған еді, «мына баланы шаршап жүргенде туғасын осындай болып қалған екен ғой», — деді толғана.

Анасы да баласына былай ақыл айтты:

  • Бір жерде сені ұнатпаса, ол жерден кетіп қалу керек. Басқа жерде міндетті  түрде сені бағалайтын болады. Мысалы, мені де кезінде «ұсқынсыз үйрек» деп бала кезімде көп жерде қабылдамай қойды. Тек осы Лох-Несс менің құтты мекеніме айналды. Бұл жерде менің аққу екенімді жұрттың бәрі көре алды. Әрі ең сұлу құс деп бәрі ғашық болды. Әкең де мені көріп, қатты қызығып, ақыры алып тынды. Осылай мен өз орынымды таптым. Балам біз сенің осы түріңді жақсы көреміз. Сен ешкімге ұқсамайтын жаңа жануарсың. Сен құс та бола аласың, Кит те бола аласың. Тек өзіңді қабылдап үйрен. Басқалар сені сонда түртпектемейтін де болады. Өзің мен осындай болып туғаныма өкінемін деп отыра берсең, өмір жаныңнан білдірмей сырғып өте береді. Қаласаң, жақында нағашыларыңның ауылына барып келе ғой. Мүмкін, сол жақтан жақсы достар табарсың, – деп жұбатты.

Ата-анасының ақылын тыңдаған Несін бірте-бірте өз-өзіне көңілі толмайтын қасиетінен арылды. Бірақ,  әлі жалғызсырап жүрген көрінеді…- деп әңгімесін аяқтаған Тасбақа:

         — «Бір нәрсені қатты қаласаң, бүкіл әлем сені қолдап, қол ұшын созады деген рас қой. Осы жағдайды естігеннен кейін мен Несінге көмектесіп, мына жаққа ертіп  келсем, бұл жақта кім боларын білмей жүрген тыраштар көп қой, солармен қатарласып өмір сүріп кетер деп көптен ойлап жүрмін» — деді өзінің негізгі ойын тұжырымдап.

  • Ісіңізге сәттілік тілеймін! Өзгелер бақытты болсын деп өмір сүрген жүрегіңнен айналдым,  – деп оған қатты риза болып едім, тас болып жатқан тасбақам шын тасбақаға айналып шыға келді
  • Көп рахмет сізге, ақпейіл жан. Сіз бізді сиқырдан құтқаруға келгеніңізге сондай қуаныштымын. – деп тасбақа да жолға шығуға дайындыққа кірісті.

    Мен көгалда демалып жатқан патшаны оятып алып, әрі қарай қаланы аралауға беттедік.

— Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та бар қалан! – деп Абай атамыз айтып кеткендей, бұл қаланың әрбір қожыр-қожыр жаман тасына дейін тыраштанып бірнешеуі бірігіп «адам боламыз» деп  адам бейнесіне еніп өмір сүріп жатыр екен. Неткен керемет көрініс еді.  Тас немересін арқасына арқалап алып, оған «Ай туралы ертегі» айтып кетіп бара жатқан әжеге қарап, немересін бағып  жүргеніне риза болдым. Ертегісін тағы бірде көрсем, қайтадан айтқызып тыңдармын, — деп ойлап қойдым.

    Көшеде келе жатқанымызда көргенім мені одан әрі таң қалдырды: сұр тышқан бейнесіндегі нан ұстап алған тас болып қатқан қыздар әр жерде қаптап тұрды.  Біреуіне жақындап келіп:

— Бәріңіз неге нан ұстап алғансыздар? Нанды негізі бір сөмкеге салып тығып ұстау керек. Болмаса ерсі көрінеді екен, — дедім.

—  Ата-анам мені:«Нан болса, ән де болады»  — деп тыраштанып оқытып, өз нанымды тауып жей алатын деңгейге жеткізіп еді, енді осылай тас болып  қатып қалдым. Наным бар, әнім қайда екен? – деді қыз жан-жағына қарап.

Есіме Ескендір Хасанғалиев атамыздың әні түсіп: 

— Сізді сағынып жүрген жігіт те «сағындым сені, аяулым, келсеңші маған ән болып», — деп бір жерде армандап отырған шығар. Жұмыс, жұмыс, – деп жүре берсеңіз, «әнді» босқа күтіп қаласыз. Бұрынғы кезде біздің елде үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайтын болған.  Қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастархан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу болса, екіншісі — қызды қазан-аяқ ұстауға, қонақ күте білуге баулу. Бас қосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған, — дедім.

— Мәссаған, не деген керемет дәстүр, менің ата-анам да  соны ертерек білгенде ғой. Мен өсіп келе жатқанда «сабағыңды оқы» — деп ешкіммен араластырмады. Ондай бір отырмаққа да барып көрмеппін ғой. Мен тамақ пісіру де, қонақ күту де білмейді екенмін. Енді ол қателігімді түзейтін боламын,  — деген сәтте  барлық нан ұстаған қатқан қыздар  тас кейпінен адамға айналып шыға келді. Барлығы маған алғыстарын жаудырып, үйлеріне асықты.

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (9 оценок, среднее: 4,11 из 5)

Загрузка…